Date of publication: 23.08.2018 16:20
Date of changing: 23.08.2018 16:22

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті назарларыңызға  23.08.2018 жылы Астана уақытымен сағат 21:00 бастап 23:04 дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің жаңартылған пакетін орнату бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды және ол келесі міндеттерді қамтиды:

1. Бұрын енгізілген механизмдерді жетілдірудің міндеттері:

1.1. Бас кәсіпорын мен құрылымдық бөлімшелер арасындағы тауарлардың ішкі қозғалысын және құрылымдық бөлімшелер арасындағы тауар қозғалысын жүзеге асыру;

2. Жүйе қателіктерін жою.

2.1 БҚҚ-ға жазылған ЭШФ есептерін қалыптастырған кезде жазбалардың қайталануын болдырмау.

2.2 Негізгі ЭШФ-да СЭҚ ТН көрсетілмеген кезде, ал G17 ВҚЖА құрамалық коды көрсетілген ЭШФ-ға Түзетілген ЭШФ жазған кездегі пайда болатын қателіктерді түзеу.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қол жетімді болмайды.

Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!