Date of publication: 19.09.2018 15:58
Date of changing: 19.09.2018 15:59

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Дара кәсіпкерлердің қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату: енді бұл рәсімге үш күн уақыт жеткілікті

Камералды бақылауды жүзеге асырмай дара кəсіпкерлерге қызмет орнының орналасқан жері бойынша мемлекеттік органға келесі құжаттарды ұсыну арқылы оңайлатылған түрде қызметін тоқтату мүмкіндігіне ие болды:

1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш;

2) таратудың салық есептілігі;

3) бақылау – кассалық машиналарын тіркеуден бас тартуға арналған салықтық өтініш (егер бар болса).

Қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлғалар:

1) ҚҚС төлеуші ретінде тіркеуге қосылмаған;

2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын;

3) белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асырмайды (бензин өндірісі, бензинді көтерме және бөлшектеп сату, этил спиртінің өндірісі, производство и оптово-розничная реализация алкоголь өнімдерінің өндірісі, бөлшек және көтерме сату, темекі өнімдері, құмар ойын бизнесі, ұтысы жоқ ойын автоматтары, ойынға арналған жеке компьютер, игровые дорожки ойын жолдары, карта ойыны, бильярд үстелдері, электрондық сауда, ақша айырбастау ұйымдары).

4) салықтық тексеру жоспарында немесе тәуекелдерді бағалау жүйесінің нәтижелері бойынша салықтық тексерулер немесе арнайы тәртіпте жүргізілетін тәуекелдерді бағалау негізінде салықтық тексерулердің жартыжылдық кестесінде болмаған салықтық тексерулер тізімінде жоқ;

5) салықтық қарызы жоқ, әлеуметтік төлемдер бойынша қарызы жоқ.

Мемлекеттік кірістер органдары дара кәсіпкерді салық міндеттемелерін орындаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсында дара кәсіпкерді тіркеуден шығару туралы ақпаратты орналастырады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)