Date of publication: 28.09.2018 21:05
Date of changing: 28.09.2018 21:06

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Назар аударыңыз! Жалған ақпаратты жоққа шығарамыз! Салық берешегі бар жеке тұлғалар нені білуі керек?

 

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде салық берешегі бар жеке тұлғаларға 2018 жылдың 1 қазанынан бастап барлық банктік қызметтерді алуға мүмкіндік берілмейтіндігі туралы бұрыс ақпарат таратылуда.

Осыған орай, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті аталған ақпаратты жоққа шығарады және келесіні түсіндіреді.

Жеке тұлғалардың 2017 жылдың мүлік және жер салықтары бойынша міндеттемелерінің  төлеу мерзімі  2018 жылдың 1 қазаныңда өтеді.

Жоғарыда көрсетілген мерзімде салықты төлемеген жағдайда, жеке тұлғада бересі пайда болады, ол сомаға күнде өсімпұл есептеледі, бұл бересіні қосқанда салық төлеушінің жалпы берешегінің сомасын құрайды.

Банктер салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеушіге (заңды тұлғаларға да, дара кәсіпкерлерге де, жеке тұлғаларға да) банктік шотты ашудан бас тартуға міндетін қарастыратын Салық кодексінің ережесі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап заңды күшіне енгізілгеніне назар аударамыз (Салық кодексінің 24-бабы 15) тармақшасының төртінші абзал жолы).

Аталған норма мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттарды, «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттарға таратылмайды.

Яғни, егер ондай тұлғада салықтық берешегі бола тұра, осы мақсатта жеке тұлғамен банктік шот ашылатын болса, банктің оны ашудан бас тартуға құқығы жоқ.

Салық кодексінің ережелерімен салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар тұлғаларға басқа банктік қызметтерді көрсетуден бас тарту қарастырылмаған.

Салық төлеушілер салықты төлеу бойынша орындалмаған салықтық міндеттемесінің болуы туралы хабардар болу мақсатында Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсында және «Электронды үкімет» порталында іске асырылған салық төлеушінің БСН/ЖСН бойынша салық берешегі бар/жоқ екендігі туралы актуалды мәліметтерді онлайн-режимінде алуға мүмкіндік беретін «Салықтық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» электронды сервисі іске асырылған.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарына келетін салық төлеушілер санының күрт өсуін ескере отырып, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен:

  • қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын 20.00 сағатқа дейін ұзартылды;
  • сайтта есептелген салықтар бойынша ақпаратты алу үшін мемлекеттік кірістер органдарының телефон нөмірлері өзектендірілді (Басты бет – Біз туралы – Халықпен жұмыс https://kgd.gov.kz/ru/content/kontaktnye-dannye-upravleniy-gosudarstvennyh-dohodov-po-razyasneniyu-mestnyh-nalogov-1);
  • салық төлеушілерге қызмет көрсету үшін қосымша қызметкерлер бөлінді;
  • сенбі, 2018 жылдың 29 қыркүйегі, қызмет көрсету орталықтарына жеке тұлғаларға қызмет көрсету үшін жұмыс күні деп белгілеуге ұсыныс жасалды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)