Date of publication: 28.01.2015 16:24
Date of changing: 28.01.2015 20:09

Екінші деңгейлі банктер басшыларымен

 кездесу туралы баспасөз релизі

 

28.01.2015 ж.

 

Бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы миниторингі комитетінің төрағасы Б.Ш. Таджияқовтың, ҚР ҚМ МКК, ҚР ҚМ ҚМК қызметкерлерінің және екінші деңгейдегі банктер басшыларының қатысуымен Респуликаның Ұлттық қорындағы ақшалай қаражатты мақсатты пайдалану мәселесі бойынша жұмыс кездесуі өтті, күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:

  • Қазақстан Респуликасының Ұлттық қорындағы ақшалай қаражатты мақсатты пайдалану туралы (Б.Ш. Таджияқов);
  • Қаржы мониторингіне кіретін екінші деңгейдегі банктерден операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды жинақтау және өңдеу бойынша жұмыс қорытындысы туралы (А.К. Игембаев);
  • ФМ-1 жаңа нысанын енгізу кезеңдері туралы (С.Х. Аскаров);
  • ҚР ҚМ МКК ЭТҚ Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының сөз сөйлеуі (Т.Т. Таңатаров).

 

ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі