Date of publication: 17.10.2018 12:17
Date of changing: 17.10.2018 12:18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Қазақстан-өзбек шекарасындағы өткізу пункттеріндегі ағымдағы ахуал бойынша ақпарат

 

         Соңғы екі жылда Өзбекстан Республикасы мен шекаралас мемлекеттердің сыртқы саудасының белсенділігі байқалуда. Жүк ағымы Еуропадан және Кытайдан Тәжікстан, Ауғанстан, Иран және Пәкістанға өсуі байқалады, бұл қазақстан-өзбек шекарасы арқылы жүк тасымалдау қарқынының артуына әкелді. Мәселен, 2017 жылғы қаңтардан 2018 жылғы қыркүйекке дейін жүк тасымалдайтын көліктің өсуі 3,5 еседен астам болды. Осылайша, 2017 жылғы қыркүйекте екі бағытта шекара арқылы 5,8 мың жүк көлігі өтті, 2018 жылғы қыркүйекте 21,7 жүк тасымалдайтын көлік өтті.

         Алайда, қазіргі өткізу пункттерінің инфрақұрылымы арқылы ағымы ұдайы өсіп отырған жүк тасымалдайтын көліктерді бірқалыпты және жылдам жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді, бұл кептеліске әкеп соғады.

         Негізгі жүктеме «Б.Қонысбаев» өткізу пунктінде байқалуда, жобалық өткізу қабілеттілігі 75 жүк тасымалдайтын көлік кезінде, күн сайын шығу бағытында 150 жүк тасымалдайтын көлік өтеді. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан ағымдағы жылдың 16 қазанында шығуға бағытталған кезекте 170 жүк тасымалдайтын көлік тұр.

         Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Өзбекстан шекарасындағы кептелісті азайту үшін мынадай жүйелік және жедел шараларды қабылдауда:

  • өткізу пункттері арасында көлік ағынын бірқалыпты бөлу бойынша тасымалдаушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде;
  • шекара арқылы жылдам өткізу технологиясы қайта қаралды;
  • қалыптасқан жағдайды шешу үшін қазан айында екі елдің кеден қызметтері басшыларының кездесуі өтеді;
  • Өзбекстанның кеден органдары өткізу пункттері алдындағы кептелістер туралы күн сайын жедел ақпаратпен алмасу жүзеге асырылып отыр және жылдам өткізу бойынша шаралар келісіліп отыр;
  • осы жылдың соңында «Б.Қонысбаев» өткізу пунктін қайта құруды және техникалық қоса жарақтандыруды бастау және өткізу қабілеттілігін тәулігіне 1 000 жүк тасымалдайтын көлікке дейін ұлғайту жоспарлануда.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)