Date of publication: 20.11.2018 09:26
Date of changing: 20.11.2018 09:27

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың сұрақтарына «WhatsApp» мессенджері арқылы жауап береді

 

2018 жылдың 19 қарашасынан бастап жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша (есептелуі, төленуі, қарызы және т.б.) көкейтесті және толғандырып  жүрген сұрақтарына жеке тұлғалар жедел жауапты «WhatsApp» мессенджері арқылы ала алады. Сұрақтарды
8-776-136-41-32 нөміріне жұмыс күндері (дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жолдауға болады. Біз жедел әрі толық жауаптарды беруге тырысамыз.

Сондай-ақ, келесі жолдармен кеңес алуға болады:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша, сондай-ақ ең өзекті салық және кеден мәселелері бойынша «1414» Бірыңғай байланыс орталығынан;

2) кеден заңнамасының мәселесі бойынша қалалық телефоннан «1412», ұялы телефоннан 8-800-080-64-52 нөмерлері бойынша
Call-орталығынан  (экономикалық салада қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуы ықтимал, не жасауға тырысқан әрекеттері, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының тараптарынан сыбайлас жемқорлық және өзге де заңсыз іс-қимылдары туралы хабарламаларды (шағымдарды) қабылдайды);

3) салық және кеден заңнамасының мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерінен, кеңес беру телефондары kgd.gov.kz ресми сайтының «Біздер туралы» бөлімінің «тұрғындармен жұмыс» бөлімшесінде орналасқан.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)