Date of publication: 29.11.2018 12:48
Date of changing: 29.11.2018 15:41

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік кіріс комитетінің алдын-ала есептеулеріне сәйкес,

90 077 орта және шағын бизнес субъектілері салықтық амнистияға жатады
 

Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс  сапасын арттыру» атты Жолдауында шағын және орта бизнес субъектілеріне 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі салығы төленген жағдайда айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығаруға тапсырма берген болатын.

Біздің елімізде бірнеше мәрте салықтық рақымшылық өткізілді, әр өткізілгенінде бизнеске жинақталған қарыздарынан құтылуға және заңды коммерциялық қызметті жалғастыруға мүмкіндік берген.

Осылайша, тәуелсіз Қазақстанның тарихында үш рет (1997-1999 жылдары, 2011 және 2015 жылдары) субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметін жақсарту үшін өсімпұлдары мен айыппұлдарын есептен шығару үшін салық амнистия өткізілді.

Тек соңғы екі акция шеңберінде (2011 және 2015 жылдары) шеңберінде өсімпұлдар мен айыппұлдар бойынша салық берешектері - 143,7 млрд. теңге сомасында есептен шығарылды, оның ішінде 2011 жылы - 23,1 млрд. теңге, 2015 жылы - 120,6 млрд. теңге.

Айта кету керек, аталған акциялар оң әсер берді, осылайша 2015 жылдың соңғы салық амнистиясына қатысушылардың 67%-ының салық берешектері жоқ.

Бұл 680 мыңнан астам салық төлеушілер, оның ішінде 17 мыңнан астамы заңды тұлға, 105 мыңы жеке кәсіпкерлер, 557 мыңы жеке тұлғалар, яғни қарапайым халық.

Қазіргі уақытта салық заңнамасына өзгерістер енгізу жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілді.

Ұсынылған түзетулер 2018 жылдың 1 қазанындағы негізгі қарызды 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін өтеген жағдайда шағын және орта бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдарды жоюды көздейді.

Бұл ретте 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша айыппұл сомасы және негізгі борышты төлеу күніне дейін есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады.

Мемлекет басшысының салық амнистиясын жүргізу туралы тапсырмасы бизнесті салық қарыздарынсыз жаңадан бастауға мүмкіндік беретінін ескере отырып, Салық кодексіне немесе оңалту және банкроттық туралы заңнамаға сəйкес салықтар төлеу мерзімдері ұзартылған және оңалту рәсіміндегі салық төлеушілерге өсімпұлдар мен айыппұлдарды жою үшін де қолданылады.

Сонымен бірге, әзірленген түзетулерге сәйкес төмендегілер салық төлеушілерге рақымшылық қолданылмайды:

- мониторингке алынатын ірі салық төлеушілер;

- жер асты суларын, емдік балшықты алу құқығына иелік ететін жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылар;

- акцизделетін тауарларды өндірушілер;

- кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын немесе жеке практикамен айналысатын тұлғалар.

Жоғарыда аталған критерийлерді ескере отырып, Комитеттің жасаған есептеулеріне сәйкес, 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша  340,6 млрд. теңге салық берешектері бар 90 077 орта және шағын бизнес субъектілері (31 210 заңды тұлғалар мен 58 867 дара кәсіпкерлер) амнистияға жатады.

Бұл ретте, есептен шығарылатын өсімпұлдардың жалпы сомасы 122,9 млрд. теңге, айыппұлдар - 7,3 млрд. теңгені құрайды, бұл сомалар негізгі қарызы 210,4 млрд. теңге төленген жағдайда есептен шығарылады.

Уақыт көрсетіп отырғандай, салықтық рақымшылықтарды өткізу  кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді механизмі болып табылады және оның стратегиялық маңызы бар.

Кәсіпкерлер үшін салық мәселелерін шешуге көмектесу біршама оң нәтижелерге айналады. Бизнестің негізгі салық қарыздарын төлеуге және салық ауыртпалығының толықтай өтелуіне ынталандыратын болады.

Бұл, өз кезегінде, олардың шоттарының ашылуына, мүлікті пайдалануға қойылған шектеуді  алып тастауға және заңды бизнес жүргізуді жалғастыруға мүмкіндік береді. Ал бизнес - ең алдымен жұмыс орындарын құру, өндірістің ұлғаюы, яғни қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, олардың табыстары мен өмір сүру сапасының артуы болып табылады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)