Date of publication: 29.12.2018 18:11
Date of changing: 29.12.2018 18:12

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Мемлекеттік кірістер комитетімен Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы алаңында екінші деңгейлі банктерде ҚҚС бақылау шотын ашу сұрақтары бойынша кеңес өткізілді

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен 2018 жылдың 28 желтоқсанда Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы алаңында, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өкілдерінің қатысуымен және КАҚ «ПИТ» АЖ- ақпараттық жүйелер әзірлеушілерінің өкілдерінің, 1С: Қазақстанға арналған Бухгалтерия 8 («1С-Рейтинг» ЖШС) қатысыуымен, ҚҚС сомаларының қозғалысын есепке алу үшін пайдаланылатын екінші деңгейлі банктерде ҚҚС бақылау шотын ашу сұрақтары бойынша кеңес өткізілді.

Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтардан бастап, Салық Кодексінің 433 бабының, бюджеттен салық төлеушілерге ерікті түрде ҚҚС бақылау шотын қолдану арқылы ҚҚС тездетіп қайтаруды қарастыратын ережелері күшіне енеді.

Кеңеске қатысушылар жаңа ақпараттық жүйенің Blockchain сандық технологиясын қолдану арқылы ҚҚС қайтару үшін бизнес-үдерістерді автоматтандыру шеңберінде әзірленген методология және жұмыс принциптерін талқылады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)