Date of publication: 15.12.2015 17:47
Date of changing: 15.12.2015 17:52

Құрметті сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары және кеден саласында қызметін іске асырушы тұлғалардың немесе декларанттардың пайдаланатын бағдарламалық өнімдерін әзірлеушілері, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты 2015 жылғы 15 желтоқсаннан бастап  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелері тауарға арналған декларация толтыру ерекшеліктеріне сәйкес жұмыс істейтінін Сіздерге хабарлайды.

Қосымша ақпарат  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің  Порталында «ДСҰ» қосымша бетінде орналасқан.