Date of publication: 02.04.2019 18:03
Date of changing: 02.04.2019 18:06

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Тауарға ілеспе  құжаттарда көрсетілген ақпараттың сәйкестігіне тексеру жүргізілуде

 

Ведомствааралық өзара іс-қимыл  шеңберінде ағымғы жылғы 30 наурызда  Қазақстан мен Қырғыз кеден қызметтері басшыларының жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында  тараптар екі елдің кедендік әкімшілендіру  жай-күйін, сондай-ақ проблемалық мәселелерді және алдағы ынтымақтастық туралы талқылады.

Атап айтқанда, Тараптар Еуразия экономикалық одағы елдерінің бюджетіне шығын келтіретін, Қытайдан Қырғызстанға импортталатын тауарлардың кедендік құнын төмендетіп көрсету фактілерін ат ап айтты. 

Осыған орай, сондай-ақ мемлекеттіе кірістер органдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Мемлекеттік шекарада экономикалық мүдделерді қорғау функциясы бекітілгенін назарға ала отырып, Жамбыл облысында орналасқан өткізу пункттерінде, ҚХР-да шығарылған және Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясына баратын тауарларға қатысты тексеру шаралары өткізілуде.

Атап айтқанда, мұндай тауарларға қатысты тауарға ілеспе  құжаттарда көрсетілген ақпараттың, көлік құралдарында тауарлардың нақты болуы сәйкестігіне тексеру жүргізіледі.

Сонымен қатар, қырғызстанның тауарлары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы кедергісіз өткізіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жалған декларацияны анықтау, құнының дұрыс болуын қамтамасыз ету және импортталатын тауарлар туралы ақпарат алмасу жөнінде шаралар қабылдауға уағдаласты.

Бүгінгі күні Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында бақылушы ретінде болуда, бұл өз кезегінде Қырғыз Республикасының бизнес-қоғамдастығымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстан Республикасына импортталатын, сондай-ақ Ресей Федерациясына транзитпен өтетін Қырғыз Республикасының тауарлары шекарадан еркін өтеді.

Осылайша, ағымдағы жылдың 27 наурызынан 2 сәуірге дейін Қазақстан Республикасына 77 автокөлікте қырғыз тауарлары импортталды және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен 403 автомомашина өткізілді.

Тауарға ілеспе құжаттары тауарлардың нақты санымен және тауарлардың болуына сәйкес келмейтін тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелуіне жол берілмейді. Мұндай көлік құралдары тауарға ілеспе құжаттарын сәйкестікке келтіру үшін кері қайтарылады.

Жоғарыда көрсетілген кезеңде 15 жете тексеру жүргізілді, олардың 14 сәйкессіздікті көрсетті және 1 көлік құралында тасымалданатын тауарлардың құжаттары жоқ болды. Сонымен қатар, 69 көлік құралы ерікті түрде тауарға ілеспе құжаттарын ұсынбастан кері қайтарылып, Қырғыз Республикасының аумағына кетті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде автокөлік құраларының жиналып қалуы  байқалмайды.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)