Date of publication: 17.04.2019 12:19
Date of changing: 17.04.2019 12:21

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Бизнестің дамуына тағы бір мүмкіндік

 

Алматы қаласының Мәслихаты Алматы қаласының кәсіпкерлері үшін тіркелген салықтың жаңа ставкаларын бекітті (№330 шешім).

Аталған шешімге сәйкес, ойын автоматтары, ойын жолы (боулинг), бильярд үстелдері үшін салық ставкалары едәуір төмендетілді.

Мәселен, бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы бойынша тіркелген салық 12 АЕК-тен 9 АЕК-ке немесе 25 % төмендетілді.

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы бойынша бір айдағы салық ставкасы 18 АЕК-тен 13 АЕК-ке немесе 28 % төмендеді.

Ойын жолы (Боулинг) үшін тіркелген салықты 42 АЕК-тен 20 АЕК-ке немесе 48 % төмендету қамтамасыз етілді.

Бильярд үстелі үшін тіркелген салық 25 АЕК-тен 15 АЕК-е немесе 40 % төмендетілді.

Аталған жеңілдетулер бизнестің қарқынды дамуына және заңсыз бизнестің көлеңкеден шығуына мүмкіндік береді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс д., 11)