Date of publication: 24.04.2019 17:23
Date of changing: 26.04.2019 16:00

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Еуразиялық экономикалық одағының кеден шекарасының қазақстандық учаске арқылы жалғайтын жолаушыларға арналған ақпарат

 

ЖЕКЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАРДЫ БАЖСЫЗ ӘКЕЛУІНІҢ МӨЛШЕРЛЕРІ

 

Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына кеден төлемдерінен босата отырып жеке пайдалануға арналған мына тауарларды әкелуге болады:

 

әуе көлігі түрлерімен әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

кедендік құны балама 10 000 еуро, және (немесе) жалпы салмағы 50 кг  аспайтын

әуе көлігінен басқа түрлерімен әкелінетін немесе жаяу ретінде жеке пайдалануға арналған тауарлар

кедендік құны балама 500 еуро, және (немесе) жалпы салмағы 25 кг  аспайтын

Одағының кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар

1 календарлық айдың ішінде бір жеке тұлғаның мекенжайына құны балама 500 еуро, және (немесе) брутто салмағы 31 кг  аспайтын

Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған, тасымалдаушы жеткізетін тауарлар

1 календарлық айдың ішінде бір жеке тұлғаның мекенжайына құны балама 500 еуро, және (немесе) салмағы 31 кг  аспайтын

 

18 ЖАСҚА ТОЛҒАН БІР ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ЖЕКЕ ТАУАРЛАРДЫҢ БАЖСЫЗ ӘКЕЛУІНІҢ МӨЛШЕРЛЕРІ:

-      алкогольдік ішімдіктер және сыра – 3 литрден көп емес;

-      200 сигарет немесе 50 сигар (сигарилл) немесе 250 грамм темекі не жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын.

 

ТАУАРЛАР ЖЕКЕ ПАЙДАЛАНУҒА АРНАЛҒАН ТАУАРЛАРҒА ЖАТПАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР:

- тауарлардың өткізу жиілігі айында 1 реттен асып тұр;

- тауарлардың саны мынадай көрсеткіштерден асса:

 

ан терісінен жасалған бұйымдар

бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат

ұялы телефон

бір адамға 2 (екі) бірлік

планшет

бір адамға 2 (екі) бірлік

тасымалданатын компьютер

бір адамға 1 (бір) бірлік

зергерлiк бұйымдар

бiр адамға 5 (бес) зат

велосипед

бiр адамға 1 (бір) дана

бала арбасы

бiр адамға 1 (бір) дана

 

Бажсыз әкелуінің мөлшерлерінен асқанда асып кету бөлігінде кедендік құнынан 30 пайыз, бірақ салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 4 еуро кедендік төлемдерді төлеп, кедендік декларациялау жүргізіледі.

Қолма-қол ақша қаражатын және жол чектерін әкелу мен әкету

Кедендік декларацияға жатпайды: баламасы 10 000 АҚШ долларына тең немесе аспайтын сомасы.

Кедендік декларацияға жатады: баламасы 10 000 АҚШ долларынан асатын сомасы.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)