Date of publication: 19.02.2015 17:11
Date of changing: 19.02.2015 17:12

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

19.02.2015ж.

Баспасөз релизі

 

423 МИЛЛИОНДЫ «КӨЛЕҢКЕГЕ» ШЫҒАРМАҚ БОЛҒАН

 

Жалған кәсіпкерлік бизнес субъектілерінің экономикалық белсенділігіне нұқсан келтіреді, адал бәсекелестікті енгізу үшін тең емес шарттарды құрады, салықтарды төлемеу түрінде бюджетке зиян келтіреді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің артықшылықтарының бірі заңды бизнесті қылмыстық көіністерден тазарту.

Мәселен, ағымдағы жылғы 17 ақпанда Павлодар қаласында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері заңсыз сыйақыға мәмілені іс-жүзінде жүзеге асырмастан 423 млн. теңге сомасында жалған шот-фактураны жүзеге асырған «С» есімді азамат қылмыс үстінде ұсталды.

Комитеттің талдау мүмкіндігінің кеңеюі бүгінгі күні «көлеңкелі» схеманы бастапқы кезеңде жолын кесуге және адал кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді.

Экономика саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда жақын жердегі Комитеттің аумақтық бөлімшелеріндегі Экономикалық тергеу қызметіне немесе (+7 7172) 709920 сенім телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймын.

 

ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі