Question: 
<p>«АСТАНА-1» АЖ-да транзиттік декларацияның «Принципал және оның уәкілетті өкілі» 50-бағанын толтыру тәртібін түсіндіріңіз.</p>
Answer: 

«АСТАНА-1» АЖ-да 9-бағын (Тасымалдаушы) мен                 14-бағанды (Декларант) толтыру кезінде транзиттік декларацияның электрондық нысанандағы қалқымалы терезеде салық төлеушілердің деректер базасынан мәліметтер, оның ішінде мекенжайы автоматты көрсетіледі. Жүйеде осындай мәліметтерді енгізу кезінде өрістер еркін толтыру үшін бапталған, және автоматты көрсетілетін мәліметтердің қандай да бір сәйкессіздік жағдайында, түзетулер мен дұрыс мәліметтерді енгізу үшін қол жетімді. 

Бұл ретте транзиттік декларацияның электрондық нұсқасындағы 9 және 14-бағандарда көрсетілген тұлғалар транзиттік декларацияның баспа нысанында 50-бағанда «Принципал және оның уәкілетті өкілі» көрсетіледі.

2010 жылғы 18 маусымдағы № 289 КОК шешімімен транзиттік декларацияның және транзиттік декларацияның қосымша парақтарының нысандары, сондай-ақ Транзиттік декларацияны толтыру тәртібі туралы нұсқаулықтың (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілгеніне назар аударамыз. Бұл ретте транзиттік декларацияның қағаз тасымалдағыш түрін білдіреді.

Электрондық нысан түрінде «АСТАНА-1» АЖ «Кедендік транзит» кіші жүйесінің интерфейсі, кедендік транзит кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру үшін қажетті мәліметтерді енгізу үшін арналған транзиттік декларацияның нысанына ұқсас. Осыған байланысты, транзиттік декларацияның электрондық нұсқасының кейбір бағандарын толтыру, белгіленген Нұсқаулықтың тәртібінен өзгеше болуы мүмкін. Жүйеде транзиттік декларацияға енгізілген мәліметтерді транзиттік декларацияның қағаз тасымалдағышында басып шығарған кезде, Нұсқаулыққа сәйкес көрінеді.