Date of publication: 02.10.2019 15:30
Date of changing: 02.10.2019 15:33

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2 қазан 2019 жыл                                                                                                    Нұр-Сұлтан қ.

 

ЭКСПОРТТАУ БАРЫСЫНДА ДЕКЛАРАЦИЯЛАРДЫҢ 92% "ЖАСЫЛ ДӘЛІЗДЕ" 1 МИНУТТЫҢ ІШІНДЕ ШЫҒАРЫЛАДЫ

 

Мемлекеттік кірістер комиетті төрағасының орынбасары Өмірзақ Бейіспеков СЭҚ қатысушыларының қызметін жақсарту мақсатымен еңгізілген кеден саласындағы жаңашылдықтар тураы хабарлады. 

Оның айтуынша, Қазақстанда 2018 жылдан бастап "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, электронды декларациялау іске асырылуда, ол дегеніміз жүйе өзі лауазымды тұлғаның қатысуынсыз кедендік декларацияны шығаратын "жасыл дәліз" қағидиятын қолдануға мүмкіндік берді. 

"Мұндай жаңашылдық бизнестің уақыт пен қаржы шығындарын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Жасыл дәліз кезінде шығаруға кететін уақыт кем дегенде 1 минутты құрайды. Бүгінде "жасыл дәлізде" декларациялар импорт кезінде шамамен 65%, ал экспорт кезінде шамамен 92% шығарылады, - деді Ө. Бейіспеков.

Аталған кедендік декларацияда рұқсат беру құжаттары мен лицензиялар туралы мәліметтер мемлекеттік деректер қорымен олардың нақтылық мәні, сондай-ақ квоталарды автоматты түрде есепке алу автоматты түрде салыстырылып тексеріледі.

Сертификатталатын өнімге қатысты бірлескен жете тексерулер жүргізілетін техникалық реттеу органдарымен өзара іс-қимыл сақталады. Мәселен, іске қосылған тәуекелдерді басқару жүйесі сәйкестігін бағалау туралы жалған құжаттармен қытай өндірісінің Қазақстанға әкелінетін автокөлік құралдары ағынын, сондай-ақ ЕУРО-5 экологиялық сыныбына сай келетіндігін тексеру және жолын кесуге мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, сәйкестіктің бағалауын растау жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тауарлардың әкелуіне жол бермеу үшін тәуекел бейіндері қолданылады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын қабылдау жоспарлануда, оған сәйкес балалар мен жасөспірімдерге арналған жеңіл өнеркәсіп өнімі, жиһаз өнімі, құрылыс материалдары мен көлік құралдарының жекелеген түрлері және т.б. сияқты кедендік тазарту кезінде шартты түрде шығаруға тыйым салынған өнімдердің тізбесі елеулі кеңейтілетін болады.

«Яғни сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларда техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуін растайтын қажетті құжаттары қолдарында болмаса, тауарларды шығара алмайды», - деп түсіндірді Ө.Бейіспеков.

Контрафактілі өнімнің әкелуін бақылау туралы айтатын болсақ, МКК басшысының орынбасары «кеден органдары кедендік тізілімге енгізілген тауарларға қатысты зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдап жатқанын» атап өтті.

 «Айтқандай, бүгiнгi күнге, 152 құқық иегерлерiнің өтініштерінің негiзiнде зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң кедендік тiзiлiмiне 667 тауарлық белгілер кіргізілген»,- деп хабарлады ол.

Сондай-ақ а.ж. 27 наурызынан бастап Қазақстанда интеграцияланған «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қорынан экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бiрыңғай терезе» порталы iске қосылды.

Соның негізінде 2018 жылдың шiлдесінде кедендік тазарту үшiн қажеттi рұқсат беру құжаттарын және лицензиялардың 42 түрлерi туралы мәлiметтер автоматты режімде алынды.

Бұдан басқа, а.ж.  наурызынан бастап сыртқы экономикалық қызметтерге қатысушылар «Бiрыңғай терезе» арқылы тiркелмеген пестицидтерді әкелуге рұқсат және Өнiмдерді мемлекеттiк тiркеу туралы куәлік алуға мүмкіндіктер алды, олардан алынған мәлiметтер әкелінген тауарларды кедендік тазарту үшiн «Астана-1» АЖ жолданады.

Ағымдағы жылдың соңына дейiн СИТЕС-тiң жабайы өсiмдiктерiн және жабайы жануарларды әкелуге рұқсаттардың  сәйкестiгiн растау құжаттары, сондай-ақ кеден ісі саласындағы көрсетілетін қызметтер модулі бойынша құрамдауыштар пайдалануға енгiзiлетін болады.

Өмірзақ Бейіспеков СЭҚ қатысушыларды қуантатын тағы бір жаңалықпен бөлісті. Оның сөзінше ҚР Кеден кодексіндегі жаңа нормаға сәйкес енді кедендік декларацияны электронды түрде, онда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды кеден органына ұсынбастан беруге болады.

Бұдан басқа, «АСТАНА-1» және «Электрондық шот-фактура» екі ақпараттық жүйесі интеграцияланды, бұл Қазақстанға импортталған тауарларды электронды форматта қадағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «Виртуалды қойма» модулі енгізілді, соның негізінде кедендік декларациядан мәліметтерді алған кезде виртуалдық белгі арқылы тауар қозғалысының барлық бизнес-процесі автоматты режимде қадағаланады.

Сондай-ақ МКК басшысының орынбасары СЭҚ қатысушыларды техникалық қолдау мақсатында Комитет жанынан қолдау қызметі және «Telegram» мессенджерде чат құрылғаны туралы хабарлады, оған МКК мен ҚР ҚМ қызметкерлері мен басшылары кіреді. Чатқа күн сайын 50-ден аса өтініш келіп түседі, олардың көбі тауарға арналған декларацияны толтыру тәртібімен және жүйеде қалай жұмыс істеумен байланысты, әрбір өтініш 5 минуттан аспайтын уақытта өңделеді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі