Date of publication: 04.10.2019 10:36
Date of changing: 04.10.2019 10:38

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

4 қазан 2019 ж.                                                                                          Нұр-Сұлтан қ..

 

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ «САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ КАБИНЕТІ» ВЕБ-ҚОСЫМШАСЫНДА ЖҰМЫСТЫ ЖЕҢІЛДЕТТІ

 

КР КМ Мемлекеттік кірістер комитеті 30.09.2019 ж. бастап пайдаланушылар «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасының жаңа электрондық сервисін SMS-хабарландыру арқылы алынған Логин/Парольді пайдана отырып салық есептілігін куәландыру және авторизациялану сервисін пайдалана алады. Бұл функционал қандай да бір себептермен ЭЦҚ пайдаланбайтын пайдаланушылар үшін балама шешім болып табылады.
 

Жаңа функционал "Cалық төлеуші кабинеті" веб-қосымшасының электрондық сервистерін пайдалану процесін айтарлықтай жеңілдетеді, сондай-ақ ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйесінде авторландырудың және электрондық құжаттарды растаудың қазіргі заманғы тетіктерін пайдалана отырып, өзінің салықтық міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.
 

"Салық төлеушінің кабинеті" веб-қосымшасының жаңа электрондық сервисін пайдалануға қатысты анықтамалық ақпаратты алу үшін бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі