Date of publication: 23.02.2016 17:31
Date of changing: 23.02.2016 17:50

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Экономикалық тергеу қызметі тез әзірленетін контрафактілік кеспені заңсыз өндірудің жолын кесті

Ағымдағы жылғы қаңтар айының басында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бөтен бір тауар таңбасын пайдаланып, өз цехында ірі көлемде тез әзірленетін контрафактілік кеспені заңсыз өндіруді ұйымдастырған  Қостанай облысы Рудный қаласы тұрғынының заңсыз қызметінің жолын кескен болатын.

Тергеу – жедел іс-шаралары барысында, цех қоймасында мөлшері 200 мыңнан аса қораптағы дайын өнім қылмыс үстінде анықталды және алынды. Цехтың заңсыз қызметінің нәтижесінде заңды меншiк иесiне 9 млн. теңгеден асатын ірі залал келтірді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс өндірістен аяқталды және кінәлі тұлғаны қылмыстық жауапқа тарту үшін Рудный қаласының сотына жолданды.

ҚР ҚМ МКМ Баспасөз қызметі