Date of publication: 25.02.2016 16:50
Date of changing: 25.02.2016 16:51

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы жаңа өзгерістер

2015 жылғы 13 қарашада 100 қадамды іске асыру жөніндегі Ұлт жоспары шеңберінде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.

Аталған Заң, кәсіпорынды банкрот деп танығаннан кейін сақтап қалудың баламалы жолдарын ұсынады.

Бұл банкроттық рәсімінің кез келген сатысында оңалту рәсімін қолдану және борышкер мен кредитор арасында бітімгершілік келісім жасасу, сондай-ақ, банкрот-кәсіпорынды сату және меншік иесін ауыстыру мүмкіндігі.

Банкроттықтың алдын алу мақсатында қолданыстағы өндірісті сақтап қалудың жаңа тәсілі ұсынылған, ол – борышкер мен кредиторлар арасында төлем қабілетсіздігін келісім жасасу арқылы реттеу.

Сонымен қатар, оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімін қысқарту үшін Заңмен оңалту және банкроттық туралы істердің соттылығын белгілеу, сот актілерін апелляциялық сатыда шағымдануды шектеу, борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін дереу орындауға жатқызу қарастырылған.

Жоғарыда  аталған  шараларды іске асыру қолданыстағы өндірісті, жұмыс орындарын барынша сақтап қалу, сондай-ақ, оңалту және банкроттық рәсімдерін өткізу мерзімдерін қысқартуды қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі

pressa@mgd.kz