Question: 
<p>Қандай салық төлеушілер әлеуметтік сала мекемелеріне жатады? Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, жылдық жиынтық табысынң 90 пайызы әлеуметтік саладағы қызметтінен түсетін табысы болса, қатысушыларға дивидеттерді төлеген жағдайда, ҚР-ның қолданыстағы Салық заңнамсына сәйкес КТС 100% босатуды қолдана алама?</p> <p>&nbsp;</p>
Answer: 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 290-бабының 1-тармағына сәйкес осы бапқа сәйкес әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындаған кезде, осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Салық кодексінің 290-бабының 2-тармағына сәйкес Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, олардан алынған, өтеусіз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылар, сондай-ақ осындай кірістер бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түріндегі кірістері ескерілген кірістері осындай ұйымдардың жылдық жиынтық кірісінің кемінде 90 пайызын құрайтын ұйымдар жатады.

Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері жатады:

1) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанында қызметтер көрсетуі;

2) білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсету.

Осы тармақшада көрсетілген кірістерге қоғамдық қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның:

құрылтайшысы қоғамдық қор нысанында құрылған, осы тармақшада көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын осындай коммерциялық емес ұйым болып табылатын әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымнан алынған дивидендтер;

құрылтайшысы қоғамдық қор нысанында құрылған, осы тармақшада көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын осындай коммерциялық емес ұйым болып табылатын әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер түріндегі кірістері де жатады.

3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде өткізуін қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілері мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету салаларындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтік қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет;

4) кiтапхананың қызмет көрсетуі.

Осы тармақта көзделген ұйымдардың кірістері көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға бағытталған кезде салық салынуға жатпайды.

Қоғамдық қор нысанында құрылған, осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымның кірістері де мұндай кірістерді әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымды құруға бағыттаған және оған қайтарымды пайызсыз қаржылық көмек (қарыз) көрсеткен кезде салық салынуға жатпайды.    

Салық кодексінің 290-бабының 5-тармағына сәйкес  Осы бапта көзделген шарттар бұзылған кезде, алынған кірістер осы Кодексте айқындалған тәртiппен салық салынуға жатады.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер, корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтуды қолданудың  негізгі шарттарының  бірі болып салық кодексінің 290-бабы 2-тармағымен қарастырылған қызыметтір түрінен алынған табыстарға бағытталған, сәкесінше, қатысушыларға дивиденттерді төлеген жағдайда, әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар шегерімдерді қолданбайды.