Date of publication: 15.11.2019 15:22
Date of changing: 15.11.2019 15:38

Құрметті салық төлеушілер!

2020 жылдың 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне бірыңғай жер салығын төлеу негізінде шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушісі үшін салық салу объектісі бөлігінде өзгерістер күшіне енеді.

Егер қазіргі уақытта салық салу объектісі  - жер учаскесінің бағалау құны болса, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап салық салу объектісі оңайлатылған декларациядағы сияқты  - табыс болады. Салықтық мөлшерлеме табыстан 0,5 % құрайды.

Аталған жаңа енгізілім арнаулы салық режимін қолданатын және микро немесе шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылған салық төлеушілерге табысқа салынатын салықтан үш жылға босатуға мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауын орындау мақсатында, арнаулы салық режимін қолданатын және микро немесе шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде танылған салық төлеушілерді табысқа салынатын салықтан үш жылға босату қарастырылған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атап өткендей, бизнес адал әрі заңға сәйкес жүргізіліп, тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуы тиіс.

Осыған байланысты, жеңілдікті пайдаланған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалықтары заңнамамен көзделген талаптарды орындауы тиіс екендігіне назар аударамыз, оның ішінде, салықтық есептіліктерді тапсыру, қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар бойынша онлайн БКМ қолдану.

Анықтама үшін: 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысулар бойынша онлайн БКМ қолданудан босату жойылады.