Question: 
<p><strong><em>Жұмыс істемеймін, менде 1 ЕЖМ мөлшерінде, &nbsp;яғни жылына 12 ЕЖМ мөлшерінде стандартты салық шегерімін қолдануға құқығым барма?</em></strong></p>
Answer: 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)  342-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жеке тұлғаның стандартты салықтық шегерімдер (бұдан әрі – стандартты шегерімдер) салықтық шегерім түрлерін қолдануға құқығы бар.

Енгізу туралы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы Салық кодексінің 346-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын бір ең төмен жалақы мөлшері. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік айға қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс стандартты шегерімдер болып табылады.

Енгізу туралы Заңының 33-бабында жазылған қолданыстағы редакциясындағы Салық кодексінің 344-бабына 1 сәйкес салық агентінде түзілген салықтық шегерімдердің асып кету сомасын, сондай-ақ салық агентінде салықтық шегерімнің қолданылмаған сомасын жеке тұлға дербес салық салуға жататын жеке тұлғаның салық салынатын кірісін есептеу кезінде жеке тұлға дербес есепке алады.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, жеке тұлға салық агентінен стандартты шегерім қолданылмаса, әр күнтізбелік айда 1 ЕЖМ мөлшерінде стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы.