Question: 
менің тауарларға арналған декларациямда көрсетілген тауарларға ұқсас тауарларды декларациялаған басқа СЭҚҚ «жасыл дәлізбен» өткізілгенде, неге менің декларацияларыма үнемі тәуекелдерді басқару жүйесі іске қосылады?
Answer: 

тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды саралап қолдану мақсатында кеден органдары кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды тәуекелдің төмен, орта немесе жоғары деңгейі санаттарына жатқызу арқылы оларды санатқа бөлуді жүзеге асырады.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің іске қосылуы СЭҚҚ тәуекел деңгейіне байланысты, СЭҚҚ тәуекел деңгейі төмен болған сайын, оның тауарларға арналған декларацияларына бақылау аз жүргізіледі. Сонымен қатар, санаттау тәртібі мен тәуекел деңгейлеріне сәйкес СЭҚҚ тізімі құпия ақпарат болып табылады және жариялауға жатпайды.