Date of publication: 10.12.2019 18:34
Date of changing: 10.12.2019 18:36

Салықтық рақымшылық шеңберінде бюджетке негізгі борышты төлеген жеке тұлғалар бойынша 568 446 өсімпұл есептен шығарылды,олар ағымдағы жылдың басынан бастап 12,843 млрд. теңге мөлшеріндегі сомасын төлеп, 2,343 млрд. теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылды.

01.01.2019 жылғы жағдай бойынша берешегі бар және берешектің негізгі сомасын өтеу шартымен өсімпұлды есептен шығару бойынша акцияны пайдалану мүмкіндігі бар жеке тұлғалардың саны 13,9 млрд.теңгеге және негізгі борыш бойынша берешек сомасы 6,3 млрд. теңгеге өсім сомасы бар шамамен 1,4 млн. адамды құрады, барлығы 20,2 млрд. теңге.

2019 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап 12,843 млрд.теңге мөлшерінде негізгі борыш сомасы төленген және 2,343 млрд. теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылған 568 446 ЖТ бойынша өсімпұл есептен шығарылды.                              

Өңірлер тұрғысынан өсімпұлы ең көп Алматы қаласы – 97 430 ЖТ, Түркістан облысы – 66 731 ЖТ және Шымкент қаласы – 46 917 ЖТ. Ең аз жеке тұлғалардың Атырау облысы – 15 253 , Қызылорда облысы – 14 466 және ШҚО – 13 102 ЖТ.

Өсімақының ең көп сомасы Алматы қаласы бойынша – 1015,9 млн.теңге, Павлодар облысы бойынша – 179,9 млн. теңге, Алматы облысы бойынша – 139,7 млн. теңге есептен шығарылды. Ең аз өсім сомасы Ақтөбе облысы бойынша – 41,3 млн.теңге, Қостанай облысы – 38,7 млн. теңге, ШҚО – 36,7 млн. теңге есептелінді. Мемлекеттік кіріс органдарының БАҚ үлгі-насихат жұмыстары, өңірлерде және де орталық деңгейде «салықтық рақымшылық» акциясы бойынша семинарлар жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың соңына дейін салық бойынша берешектерді төлеу қажет. Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігін келесі сілтеме бойынша біле алады: https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web ескерту.