Question: 
<p><strong>Қазақстан Республикасынын Каржы министрлігінін мемлекеттік кірістер комитетіне жумысқа қалай орналасуға болады? </strong></p>
Answer: 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ЗРК Заңына сәйкес әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асыды.
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар туралы ақпарат Комитет пен оның аумақтық органдарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Комитет пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің интернет-ресурстарында орналастырылған.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Комитет пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурстарында хабарландыру жарияланған жағдайда, сіз белгіленген біліктілік талаптарын ескере отырып конкурсқа қатыса аласыз.