Date of publication: 26.12.2019 18:07
Date of changing: 26.12.2019 18:13

Президенттің Жолдауында микро және шағын бизнесті негізгі салық пен тексерістерден босатылады деп аталып өтті. Кәсіпкерлер бұл туралы біледі, алайда олар бұл жаңалықты олар кассаны тапсырмауға және чектерді  бермеуге мүмкіндік береді деп ойлайды.

Жаңа жылдан бастап бизнесмендер ескі фискалдық техниканы деректерді онлайн арқылы беру функциясы бар жаңасына ауыстыратынын атап өтпекпіз. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығында деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарын міндетті түрде қолдану жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесін бекітеді, 2020 жылдың қаңтарына дейін онлайн-БКМ «толық» көшу көзделген. Бұдан тыс, фискалды чекке қатысты жаңа талаптар да қойылады. Енді онда БKM қолданылатын жердің нақты мекенжайы, тауардың бірлік бағасы, БKM чегі туралы ақпараттан тұратын штрих-кодтың болуы тиіс. Жоғарыда аталған бұйрықты ДК ретінде орындауға небәрі 7 күн қалды.

Онлайн БKM сатып алудың артықшылықтары туралы хабарлаймыз:

1. Сіздің клиентіңіз сатып алынған тауарларды оңай және тез төлейді.

2. Сіз салықтар мен салықтық тексерулерден 3 жыл бойына босатыласыз.

Бүгінгі күні бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне (БКМ) онлайн-кассалардың 85 моделі, оның ішінде БKM қойылатын барлық заңды талаптарға сәйкес келетін, мобильді құрылғыларда жұмыс жасайтын және отандық әзірлеушілердің өнімі болып табылатын 15 моделі енгізілген.

Салық төлеушілер кәсіпкерлік қызметте қолдануға ыңғайлы кассалық үлгіні өзі таңдауға құқылы (Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген бақылау-кассалық машиналардың моделі - БКМ Мемлекеттік тізілімі Комитеттің kgd.gov.kz ресми сайтында орналастырылған).

Және де, әрине, онлайн БKM мемлекеттік кірістер органдарында уақтылы тіркелмегені үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚбК) 284-бабы 1-бөлігіне сәйкес ескерту түрінде әкімшілік жаза көзделген. ҚР ӘҚбК 284-бабының 2-бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.