Date of publication: 13.01.2020 11:50
Date of changing: 13.01.2020 11:51

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.12.2019 жылғы №1370 «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығымен жаңа бюджеттік сыныптама коды (бұдан әрі – БСК) 101111 «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» бекітілді.

Сонлай-ақ, 101110 БСК атауы «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» басқа басылымда көрсетілген:

101110 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен - заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы».

Соған байланысты, 2020 жылы 1 қантар айынан ірі кәсіпкерлік заңды тұлғалар субъектілері корпоративті табыс салығын 101110 БСК-на, ал 101111 БСК-на ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалар төлейді.

Ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №309 бұйрығымен бекітілді.