Date of publication: 26.02.2020 15:58
Date of changing: 26.02.2020 16:13

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ЗРК Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 359-бабының нормаларымен жалпыға бірдей декларациялауды енгізген кезде, жеке тұлғамен есепайырысу аңықтамасының нысаның құзыретті органмен бекіту  бекітілген.

 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) 33-бабына сәйкес Салық кодексінің 316-366-баптары 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін Енгізу туралы Заңының 33-бабында жазылған редакцияда қолданылған.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі № 262-VІ Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 67-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Салық кодексінің 316-366-баптарының қолдану мерзімі 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтата тұрды.

Айтылғанда ескере отырып, қазіргі таңда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен «Жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтінішінің және жеке тұлғамен есеп айырысулар туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 102 бұйрығын (бұдан әрі - Бұйырық), 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін қолдану мерзімің тоқтата тұру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұйырықтың Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін  және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Этолондық бақылау банкіне қосқаннан кейін, ол Қазақстан Республикасының Қражы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

Айтылғанның негізінде,  салық агенті салықтық шегерімді қолдану туралы Арыз нысаның қолдануға және еркін түрде есеп айырысу туралы аңықтаманы табыс етуге құқылы.