Date of publication: 04.03.2020 18:55
Date of changing: 04.03.2020 18:57

Салық заңнамасының өзгеруіне байланысты, ҚР ҚМ бұйрығымен 2020 жылғы 20 ақпандағы № 39 бұйрығымен салық есептілігі нысандары және оларды жасау ережелері бекітілгенін назарыңызға мәлімет үшін жеткіземіз.

Салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау алдында, салық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» АЖ және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында 2020 жылға қол жетімді нысандары әрекет етеді. Аталған салық есептілігін жаңа нұсқада қайта ұсынуды талап етілмейді.

Салық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау туралы «Салық төлеушінің кабинеті», «СТ СЕӨЖ» АЖ-да жүйелік жаңалықтар арнасында, сондай-ақ уәкілетті органдардың (kgd.gov.kz) интернет-порталында хабардар боласыз.