Date of publication: 08.04.2020 18:06
Date of changing: 08.04.2020 18:07

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

8 сәуір 2020ж.                                                                                             Нұр-Сұлтан қ.

Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде ҚҚС-тың  8% ставкасы жүзеге асырылды

 

ҚҚС-тың 8% ставкасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізгенде және импорттағанда қолданылады, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесінде:

- бірінші сортты бидай ұны;

- бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді);

- рожки (өлшеніп салынатын);

- қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын);

- тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);

- картоп;

- асханалық сәбіз;

- басты пияз;

- ақ қауданды қырыққабат;

- ақ қант – құмшекер;

- күнбағыс майы;

- сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);

- тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);

- пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада;

- майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада;

- сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);

- тауық жұмыртқасы (I санатты);

- аc тұзы ("Экстра" -дан басқа);

- сүзбе: майлылығы 5-9%.

 

Бұл тізбемен ЭШФ АЖ Виртуалды қоймасының жаһандық анықтамалығынан танысуға болады. Ол тауарлардың СЭҚТН кодтарында «Әлеуметтік маңызы бар тауар» белгісі болады.

СЭҚТН кодтарын дұрыс көрсеткенде және тауар айналымы жасалған күні 2020 жылдың 27 наурызынан 30 қыркүйегін қоса алғандағы уақытқа сәйкес келгенде ғана ҚҚС-тың 8% ставкасын қолдануға мүмкіндік бар.

Егер де шот-фактураны өңдеуде ҚҚС-тың 8% дұрыс көрсетілмесе, онда жүйе ҚҚС ставкасының бұрыстығы жөнінде хабарлама шығарады.

Еске сала кетейік, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысымен 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңге ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне қосылған тауарларды өткізгенде және импорттағанда ҚҚС ставкасын 8% -ке дейін  төмендету қарастырылған.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі