Date of publication: 06.05.2020 15:22
Date of changing: 06.05.2020 15:44

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

06 мамыр 2020ж.                                                                                        Нұр-Сұлтан қ.

 

Төтенше жағдайға байланысты мәмілелерді бақылау бойынша есепті ұсыну мерзімдері ұзартылды

 

Елімізде төтенше жағдай мерзімінің ұзартылуына байланысты, Қазақстан Республикасының «Трансферттік баға белгілеу туралы» Заңының аясында, ірі салық төлеушілерге мәмілелерді бақылау бойынша есепті (000.10 және 000.20 формалар) тапсыру мерзімі төтенше жағдайдың уақытына сәйкес келгендіктен, 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін ұзартылады. Алайда, ол үшін салық есептілігі нысандарын электронды түрде тапсыру қажет.

Осылайша, 2020 жылдың 15 шілдесіне дейін тапсырылған электронды есеп уақытында табыс етілген болып саналады.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі