Date of publication: 31.05.2020 00:01
Date of changing: 01.06.2020 17:35

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

2020 жылғы 30 мамыр                                                                             Нұр-Сұлтан қ.

 

Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелеріне «0» коэффициентін қолдану туралы үздік 5 сұрақ-жауап

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің жеке табыс салығының, әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелеріне «0» коэффициентін қолдану бойынша жиі қоятын сұрақтарына жауаптарды ұсынды. Кәсіпкерлерді қолдаудың аталған шаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысында қарастырылған.

 

1. Сұрақ:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысында төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының; жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін жеке табыс салығының; дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленді. Қай айлардың жалақыларына «0» коэффициентін қолдана алатынымызды түсіндіріңізші?

Жауап:

Жалақыны есептеу ай сайын жүргізілетіндіктен, тиісінше, және салықтар мен төлемдерді есептеу жалақыны есептеу кезінде жүзеге асырылады.

№224 ҚР ҮҚ 1-тармағында көзделген «0» коэффициентін, төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері, яғни 2020 жылғы наурыздан тамызға дейінгі кезеңде есептелген кірістен салықтар мен төлемдер мөлшерлемелеріне қолданады.

  Осындай коэффициент, төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын, ірі кәсіпкерлік субъектілері, яғни 2020 жылғы наурыздан мамырға дейінгі кезеңде есептелген кірістен салықтар мен төлемдер мөлшерлемелеріне қолданады.

 

2. Сұрақ:

Компания қызметтің бірнеше түрімен айналысады. Бұл ретте олардың қайталамасы №224 ҚР Үкіметі Қаулысына енгізілген, ол бойынша төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының; жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін жеке табыс салығының; дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленген. Компания қызметтің қайталама түріне «0» коэффициентін қолдануға құқылы ма?

Жауап:

Компания, салық төлеушінің қызметі, осындай қызмет түрі негізгі немесе қайталама болып табылатынына қарамастан, №224 ҚР Үкіметі Қаулысының тізбелеріне сәйкес келген кезде «0» коэффициентін қолдануға құқылы.

 

3. Сұрақ:

№224 ҚР Үкіметі Қаулысының 1-тармағында белгіленген «0» коэффициенті 200.00 салық есептілігінде қалай көрсетіледі?

Жауап:

№224 ҚР Үкіметі Қаулысының енгізілуіне байланысты жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (200.00.-нысан) толтыру тәртібі өзгермеді.

Бұл ретте «0» коэффициентін қолдану осы СЕН-нің тиісті жолдарында аударуға (төлеуге) жататын ЖТС, әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдер сомаларының нөлге дейін кемуі ретінде көрсетіледі.

 

4. Сұрақ:

№224 ҚР Үкіметі Қаулысының 1-тармағында көзделген «0» коэффициентін қолданған жағдайда, жалақы қандай мөлшерде төленуі тиіс?

Жауап: №224 ҚР Үкіметі Қаулысының төтенше жағдай кезеңінде қызметкерлерге де сондай-ақ жұмыс берушілерге де қолдау мақсатында қабылданғандықтан, «0» коэффициентін қолданған кезде қызметкерлерге жалақы одан қызметкерлердің кірісінен ұсталуға жататын салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстамай бухгалтерлік есепке алуда есептелген мөлшерде төлеуге жатады деп санаймыз.

Тиісінше, жұмыс берушінің міндеттемесі болып табылатын және жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік салық пен әлеуметтік төлемдер (МЗЖ басқа) компанияның бюджетінде қалады.

 

5. Сұрақ:

Теміржол тұйығы бар өндірістік базаны жалға алып отырған және қойма және кеңсе үй-жайларды қосалқы жалға беретін (ЭҚЖЖ 68202 - Жалға берілетін жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану) компания Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына 1-қосымшаның негізінде еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлемдер мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициентін қолдануға құқылы ма?

Жауап:

Салық саясаты саласындағы уәкілетті орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ұстанымын есепке ала отырып, №224 ҚР Үкіметі Қаулысының 1-қосымшасында да, 2-қосымшасында да негіз ретінде экономикалық қызметтің жекелеген кодтары мен тиісті атаулар, сондай-ақ жақшаның ішінде көрсетілген кейбір  ерекшіліктер алынады.

Осылайша, егер жақшаның ішінде қызметтің белгілі бір түрінің ішінде жекелеген санаттары көрсетілсе, онда жеңілдіктер тек осы санаттар бойынша қолданылады. Сонымен, экономика секторларының тізбесіне ЭҚЖЖ 68.20 «Жеке меншік немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару» бойынша қызмет енгізілген.

Алайда, жеңілдіктерді қолдану тек дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарын бөлшек саудада сатуды қоспағанда, сауда желілері мен стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, коммерциялық үй-жайларды (сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда объектілері) жалға беру бойынша ғана қолдану көзделген, тиісінше, осындай Компания «0» коэффициентін қолдануға құқылы емес.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі