Date of publication: 09.07.2020 12:01
Date of changing: 09.07.2020 12:01

2020 жылғы 7 шілдеде Орталық Азия елдері үшін «Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды санаттау» тақырыбындағы халықаралық вебинар өз жұмысын бастады, ол 3 күнге созылады: 7, 8 шілде - сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды санаттау бойынша, 13 шілде - посткедендік аудит кезеңіндегі тәуекелдерді талдау бойынша. Вебинар «CISCO WEBEX» платформасын қолдану арқылы онлайн режимде орыс тілінде өткізілуде.

Вебинардың модераторы – «Орталық Азиядағы сауда рәсімдерін жеңілдету»  GIZ жобасының ұлттық үйлестірушісі Динара Дайрабаева.

Вебинарды өткізудің мақсаты ҚР Мемлекеттік кірістер органдарына тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде СЭҚ қатысушыларды санаттау құралдарын қолдану бойынша Балтық жағалауы елдерінің үздік тәжірибелерін зерделеуде көмек көрсету болып табылады.

Халықаралық вебинардың тыңдаушылары Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Тәжікстан Республикасы кеден қызметтерінің өкілдері, кедендік тәуекелдерді басқару жүйесін іске асыруға, сондай-ақ посткедендік аудитті жүргізуге жауапты бөлімшелерде жұмыс істейтін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері болып табылады.

Вебинарда бірінші күннің дәріскері Латвия Республикасының Мемлекеттік кірістер қызметі Ұлттық кеден басқармасы директорының орынбасары Сандра Каркалина болды. Сарапшы келесі тақырыптар бойынша сөз сөйледі: салық төлеушілерді сегменттеудің негізгі принциптері; тереңдетілген ынтымақтастық бағдарламасы; уәкілетті экономикалық операторлар; уәкілетті экономикалық операторлар мен салық төлеушілер сегментінің мәртебесін ескере отырып, кедендік қызметтер мен бақылау саласындағы артықшылықтар мен жеңілдіктер; салық төлеушілерді сегменттеу және кедендік тәуекелдерді бейіндеу үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелер.

Баяндама соңында вебинардың қатысушылары тарапынан сұрақтар қойылып, сарапшылар аталған сұрақтарға толық және нақты жауап берді, вебинардың бірінші күнінің қорытындысы шығарылды.