Date of publication: 10.07.2020 22:15
Date of changing: 10.07.2020 22:19

2020 жылғы 8 - 10 шілде аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы және ҚР ҚМ МКК Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің тәуекел-менеджмент басқармасымен бірлесіп «Салықтық әкімшілендірудегі тәуекелдерді басқару жүйесі»тақырыбына видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты  салықтық әкімшілендірудегі тәуекелдерді басқару жүйесі мәселелерінде МКО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, салықтық әкімшілендірудегі тәуекелдерді басқару бүгінгі күні түсіндіру сипатындағы жиі келіп түсетін сұрақтар арасында өзекті тақырыптардың бірі болып тұр.

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің 61 қызметкері қатысты.

          А.ж. шілдесінде CiscoWebEx бағдарламасын пайдалана отырып, онлайн режимінде бейнеконференцбайланыс өткізілді, оған дәріскерлер ретінде:

-Г.М.Мухаметжанова - Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті Тәуекел-менеджмент басқармасының бас сарапшысы;

А.К.Каиржанова - Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті Тәуекел-менеджмент басқармасының бас сарапшысы қатысты.

Айта кету керек, ҚР карантин енгізілуіне және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ОӘО CiscoWebEx бағдарламасын қолдану арқылы онлайн оқытуды өткізудің жаңа форматына көшті, бұл тыңдаушыға үйден шықпай-ақ қашықтықтан оқуға мүмкіндік береді.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті. 

Семинардың қорытындысы бойынша 61қатысушыға біліктілігін сәтті арттыруы туралы сертификаттар жіберіледі.