Date of publication: 18.03.2015 10:51
Date of changing: 18.03.2015 14:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

18.03.2015ж.

Баспасөз релизі

2015 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша мүлікті жария етудің қорытындысы

 

2015 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 129,4 млрд. теңге, оның ішінде 104,9 млрд. теңге Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан;   113,1 млн. теңге Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мүлік пен ақша; ақша - 24,4 млрд. теңге жария етілді. Бюджетке 1,2 млрд. теңге сомасында мүлікті жария еткені үшін алым түсті.

Жария етілген мүліктердің негізгі үлесі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлікке тиесілі. Бұл ретте жария етуге берілген өтініштегі объектілердің жалпы санының 65 % тұрғын үй қорының объектілері құрайды. Бұл Қазақстан Республикасының азаматтары өз баспанасына меншік құқықтарын заңдастыруға тілек білдіруінің белсенділігін көрсетеді.

«Нұр Отан» партиясының 2015 жылғы 11 наурыздағы XVI съезінде Елбасы бизнесті жария етуге белсенді қатысуға шақырған, сондай-ақ жария ету субъектілері құқықтарын қорғауға кепілдікті атап өткенін ерекше айтқан жөн.

Мемлекет Басшысынның партия съезінде сөйлеген сөзінен бері, яғни 6 күн ішінде 7,5 млрд. теңгеге мүлік (8%-ға өсті), 10,7 млрд. теңгеге ақша (78% өсті) (24,4 - 13,7) жария етілді. Бұл ағымдағы кезеңге жарияланған барлық 50% (44%) ақшаның 6 күн ішінде жарияланғанын көрсетеді.

Бұдан тыс, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жария ету жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу туралы мәселе қарастырылуда, жария ету субъектілеріне анағұрлым қолайлы және тартымды жағдайлар құралдары жасау жағына қарай жария ету тетігі қайта қаралатын болады. Олардың ішінде ең маңыздылары ол - жария етуге арналған ақшалар екінші деңгейлік банктердегі арнайы сақтау шоттарда орналастыру мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту; бизнес субъектлері мен жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығын енгізу; жария етілген ақшаларды инвестициялау құралдарының санын кеңейту. 

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі