Date of publication: 29.07.2020 16:14
Date of changing: 29.07.2020 16:15

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлердің кірістерін тану және жарияланған пандемияға байланысты санитарлық талаптарды қамтамасыз ету үшін жұмыс берушінің шығындарын шегеруге байланысты келіп түскен өтініштерге байланысты хабарлайды.

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды сақтау талаптары қарастырылған. Бұнымен қатар, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы  15 наурыздағы № 285 Жарлығында кең көлемді санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылған.

Осылайша, жұмыс берушінің зертханалық және басқа зерттеулерге COVID-19 бар екендігі үшін анықталатын шығыстары қызметкердің кірісі ретінде танылады (2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ЗРК күшінеену туралы Заңның редакциясындағы Салық кодексінің 323-бабы) және Салық кодексінің 348-бабы 3-тармағының ережелерін ескере отырып, 341-баптың 18) тармақшаның шарттарына сәйкес келгенде, 94 АЕК мөлшері шегінде түзетуге жатады.

Жұмыс беруші келтірілген шығындар үшін материалдық және әлеуметтік төлемдердің түпкілікті тұтынушысын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда (қызметкерлерді санитайзерлермен, маскалармен, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету) және дербестендіру мүмкіндігі жоқ болса, жұмыс берушінің мұндай шығындары қызметкердің кірісі болып танылмайтындығын айта кету керек.

Корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемелерін орындау мақсатында жұмыс берушілердің санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз етуге, оның ішінде қызметкерлер арасында COVID-19 болуына зерттеу жүргізу шығындары тиісті бастапқы құжаттар болған кезде шегерімге жатқызылады (Салық кодексінің 242, 243, 257-баптары).