Date of publication: 19.10.2020 18:25
Date of changing: 19.10.2020 18:27

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мерзімдері ауыстырылды

 

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ Ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы  14 қазандағы № 1006 бұйрығымен тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мерзімдері мынадай түрде ауыстырылды:

 

2021 жылғы 1 наурыздан бастап:

этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің өндірісіне және айналымына;

мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге және олардың айналымына;

темекі өнімдерін өндіруге және олардың айналымына;

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға;

Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға;

 

2021 жылғы 1 мамырдан бастап:

ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары және атауы ДСҰ тауарларының тізбесіне енгізілген және олар бойынша ЭШФ «Виртуалды қойма» модулі арқылы жазылатын тауарларға;

 

2021 жылғы 1 шілдеден бастап:

ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы ДСҰ тауарларының тізбесіне енгізілген тауарларға;

таңбалауға жататын тауарларға.