Date of publication: 23.05.2016 19:14
Date of changing: 23.05.2016 19:16

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2016 жылғы 23 мамыр сағат 10:00 жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы жағынан «Б.Қонысбаев» өткізу пункті алдында Өзбекстан Республикасына қарай көлік құралдарының жинақталуы 60 бірлікті құрағанын хабарлайды.

Бір күн бұрын, 2016 жылғы 22 мамырда көлік құралдарының жинақталуы 82 бірлікті құраған.

Автокөлік құралдарының жинақталу себептері Ташкент облысы бойынша МКББ «Яллама» іргелес өткізу пунктінде тауарлар мен көлік құралдарына ұзақ кедендік бақылау жүргізу болып келеді.

Аталған жағдайлар, өткізу пункттерінің арасында жүк көлік құралдарының жиналып қалуына, Қазақстан Республикасы жағынан «Б.Қонысбаев» өткізу пунктіне кіру алдында жинақталуына және кептеліс пайда болуына, сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметі қатысушылары жағынан сөгістерге және наразылықтарға келтіруде.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 21 мамыр шамамен сағат 14:00-ден бастап бір жақты тәртіпте Өзбекстан Республикасы жағымен «Қазығұрт» өткізу пункті арқылы жүк көлік құралдарының өткізілуі тоқтатылғандығын хабарлаймыз.

Жүк көлік құралдарының жүргізушілерінің айтуынша Өзбекстан Республикасының шекара қызметіне ӨзР «Ташкент» кеден бекеті арқылы (ҚР  іргелес өткізу пункті «Қазығұрт») жүк бағытын тоқтату туралы ауызша тапсырма түскен.

Сондай-ақ, іргелес жағынан «Қазығұрт» өткізу пункті арқылы жүк көлік құралдарын өткізуге қандайда бір шектеу немесе тыйым енгізу туралы ақпарат түспеген.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті