Date of publication: 02.11.2020 12:02
Date of changing: 02.11.2020 12:09

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу

 

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес Тауарларды сыныптау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (бұдан әрі – СЭҚ қатысушылары) үшін неғұрлым өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Біріншіден, кедендік әкелу/әкету бажының мөлшерлемесі, тиісінше кедендік төлемдердің мөлшері де, тауарлар мен көлік құралдарына тарифтік емес шаралардың, тыйым салулар мен шектеулердің қолданылуы да тауар ЕАЭО СЭҚ ТН-ның қандай сыныптамалық кодына жатқызылатындығына байланысты болады.

Екіншіден, тауарды ЕАЭО СЭҚ ТН қандай да бір жіктеу кодына жатқызу көбінесе тауарлардың техникалық сипаттамаларын, оны өндіру тәсілдерін және т. б. анықтауға байланысты арнайы техникалық білімнің болуын талап етеді.

Үшіншіден, Тауарларды сыныптау дәлдігінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден саясатын әзірлеу кезінде пайдаланылатын сыртқы сауданың кедендік статистикасының объективтілігін арттыру және тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен бақылау процесінде оны іске асыру жөнінде нақты шаралар қабылдау үшін де зор маңызы бар.

Тауарларды ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес жіктеу олардың цифрлық сыныптау кодтарын айқындауды, яғни тауарларды СЭҚ ТН-ның нақты тауар позицияларына, субпозицияларына, кіші субпозицияларына оларға сәйкес сандық кодтармен жатқызуды білдіреді және тауар позицияларының мәтіндері мен бөлімдерге немесе топтарға тиісті ескертпелерді негізге ала отырып, және егер мұндай мәтіндермен өзгеше көзделмесе, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидаларының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Кеден органдары тұлғалардың өтініші бойынша тауарларды сыныптауды олар кедендік декларацияланғанға дейін Одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім және шешімдер қабылдау арқылы сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүзеге асыра алады.

 

Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау тәртібі

 

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді (бұдан әрі – алдын ала шешім) қабылдау тәртібі мен мерзімдері Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің 23 - 25-баптарында айқындалған.

Алдын ала шешім қабылдауға уәкілетті органы аумақтық Мемлекеттік кірістер органдары болып табылады.

Алдын ала шешімді кеден органы тұлғаның Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 16.02.2018ж. № 200 «Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша берілген тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініші негізінде қабылдайды.

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініште толық коммерциялық атауы, фирмалық атауы (тауар белгісі), тауардың негізгі техникалық және коммерциялық сипаттамалары және тауарды бір мәнді сыныптауға мүмкіндік беретін өзге де ақпарат қамтылуға тиіс. Қажет болған кезде тауардың сынамалары және (немесе) үлгілері, бұйымдардың фотосуреттері, суреттері, сызбалары, паспорттары және тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау үшін қажетті басқа да құжаттар ұсынылады.

Тауардың алдын ала шешімін қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Осы мемлекеттік қызмет қағаз жеткізгіште және электрондық түрде көрсетіледі.

Қағаз жеткізгіштегі құжат түрінде берілген тауарға алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішке алдын ала шешім қабылдағаны үшін кедендік алымның төленгені туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым белгілі бір марканы, модельді, артикул мен түрлендіруді қамтитын тауардың әрбір атауына 32 000 (отыз екі мың) теңгені құрайды.

Алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымдарды төлеу мынадай деректемелер бойынша жүзеге асырылады: бюджеттік сыныптаманың коды «БСК 106201», төлем мақсатының коды «ТТК 911» тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер органына.

Алдын ала шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жыл бойы әрекет етеді.

 

Жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жиынтықталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдер (бұдан әрі-құрастырылмаған түрдегі шешім).

 

Жинақталмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау туралы өтініштің нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 16.02.2018 ж. № 202 «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлщектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген.

Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен тауарды (жабдықты) әкелу болжанатын жинақталмаған түрдегі шешім Мемлекеттік кірістер комитеті немесе аумақтық мемлекеттік кірістер органы тұлғаның жазбаша өтініші негізінде қабылданады.

> = 200 000 (екі жүз мың) АҚШ доллары – Мемлекеттік кірістер Департаменті;

<  200 000 (екі жүз мың) АҚШ доллары – Мемлекеттік кірістер Комитеті.

Жіктеу үшін, мысалы, белгілі бір функцияны орындау үшін жиналған және бір уақытта кедендік рәсімге орналастырылған жеке компоненттерден тұратын Технологиялық желі үшін келесі мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қажет: Шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі); жұмыс істеу принципі мен функцияларын көрсете отырып, тауар мен оның компоненттерінің техникалық сипаттамасы, монтаждау немесе жинау тәсілінің сипаттамасы, тауар және оның компоненттері өндірілген материалдардың сипаттамасы, Құрастыру сызбалары, схемалары, мүмкін болса, фотосуреттер, өндірушілердің каталогтары, бейнематериал, тауардың егжей-тегжейлі ерекшелігі.