Date of publication: 03.12.2020 18:22
Date of changing: 03.12.2020 18:24

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Тауарлардың таңбалануы мен қадағалануының бірыңғай операторымен бірлесіп, тауарлардың таңбаланып сатылуын қамтамасыз ету мақсатында темекінің бөлшек саудасы барысында таңбаланған тауарлар айналымының қағидасын сақтау міндеттілігін туралы әрдайы салық төлеушілерді хабардар етіп отырады.

Одан бөлек, 2D-сканерді сатып алу мүмкіндігі жоқ қатысушыларға Тауарлардың таңбалануы мен қадағалануының бірыңғай операторы Тауарлар таңбалауын тануға және темекіні сатуды жүзеге асыруға арналған NaqtySauda.Kassa тегін мобильді қосымшасын жасап шығарды.

«NaqtySauda.Kassa» мобильді қосымшасы – бағдарламалық бақылау-касса машинасы болып табылады, ол Google Play Market-те жүктеу үшін қолжетімді. Сондай-ақ, оны мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуге қою қажет.

8 (800) 080-65-65 телефонына тегін  хабарласып, темекі өнімдерін таңбалау сұрақтары бойынша толық ақпаратты алуға болады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі