Question: 
Осыған байланысты кедендік транзит кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету шараларының бірі ретінде кедендік алып жүру тоқтатылды.
Answer: 

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияның алдын алу, сондай-ақ таралуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік шаралар ерекше өкімге дейін сақталады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының кеден органдары қызметкерлерінің сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимылын барынша азайту шаралары қабылданды.

Осыған байланысты, кедендік алып жүруді жүзеге асыру уақытша мүмкін емес.

Бұл ретте кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді орындау «ҚР Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 97-бабында көзделген тәсілдермен қамтамасыз етілуі мүмкін.