Date of publication: 05.01.2021 14:01
Date of changing: 05.01.2021 14:02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2021 жылға арналған салық есептілігі нысандары  бекітілді

 

Салық заңнамасының өзгеруіне байланысты, ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 1214 бұйрығымен, 2021 жылдан бастап қолданысқа енетін салық есептілігі нысандары және оларды толтыру ережелері бекітілді. Оның ішінде 100.00, 180.00, 200.00, 220.00, 240.00, 300.00, 701.01, 710.00, 871.00, 910.00, 911.00, 912.00, 920.00 нысандағы салық есептіліктері бар.

 

Салық міндеттемелерін уақытылы орындау мақсатында салық есептілігінің жаңа нұсқасы бағдарламаларда жарияланғанға дейін, салық есептілігін табыс ету кезінде Салық төлеушінің кабинетінде, «СТ СЕӨЖ» ақпараттық жүйесінде және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (kgd.gov.kz) веб-порталында 2021 жылға қол жетімді нысандары әрекет етеді.

 

Бұл нысандар «Қабылданған», «Таратылған» мәртебелері болған кезде қабылданған болып саналады. Аталған салық есептілігін жаңа нұсқада қайта ұсыну талап етілмейді.

 

Салық есептілігінің жаңа нұсқасын жариялау туралы ақпарат «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасында, «СТ СЕӨЖ» ақпараттық жүйесіндегі жаңалықтар бөлімінде, сондай-ақ www.kgd.gov.kz интернет-порталында орналастырылады.