Date of publication: 22.01.2021 15:20
Date of changing: 22.01.2021 16:40

«МКК ЕАЭО шеңберіндегі экспорттық операциялар кезінде ЭШФ жазып беру мүмкіндігі жаңартылғанын хабарлайды»

Нұр-Сұлтан қ.                                                                      2021 жыл 22 қаңтар

Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 21 қаңтарында сағат 20-00-ден бастап ДСҰ-ның алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды ЕАЭО елдеріне экспорттау кезінде электрондық шот-фактураларды жазып беру мүмкіндігі жаңартылғанын хабарлайды.

 ЭШФ көшірмелерін куәландыру экспортаушының тіркелген жеріне қарамастан, аудандық Мемлекеттік кірістер басқармаларында жүзеге асырылатынын естеріңізге саламыз.

Өз кезегінде, Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері куәландыру бойынша тиісті рәсімдерді жедел жүргізуге  бағытталған, оның ішінде демалыс және мереке күндері куәландыру үшін лауазымды тұлғалардың кезекшілігі ұйымдастырылған.

 ЭШФ куәландыру, Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде, сондай-ақ РФ аумағында мәселелер туындаған жағдайда +7 7172 71-80-33 телефоны бойынша хабарласу қажет.