Date of publication: 27.01.2021 09:29
Date of changing: 27.01.2021 09:30

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

 

Электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің

мобилді нұсқасы таныстырылды

 

Google-дің "Play Market" Android 6.0 және одан жоғары платформалары үшін ЭШФ АЖ мобилді қосымшасының бета нұсқасын орнату үшін қол жетімді екеніне назар аударамыз. Қосымшаны мына сілтеме бойынша жүктеп алуға және орнатуға болады https://play.google.com/store/apps/details?id=com.osdkz.esf

IOS платформасына арналған қосымшамен жұмыс жалғасуда және әлі де даму үстінде,  деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

Мобилді қосымша ақпараттық жүйеде салық төлеушілерге қашықтықтан жұмыс жасауға көптеген мүмкіндіктер бермек. Бұл әсіресе пандемия жағдайында көкейтесті болып отыр.

Қосымша салық төлеушілерге смартфон арқылы электрондық нысандағы келесі құжаттармен жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  • электронды шот-фактуралар (ЭШФ);
  • тауарларға ілеспе жүкқұжаттар (ТІЖ);
  • электрондық шарттар (ЭҚ);
  • орындалған жұмыстардың актілері (ОЖА).

Қосымша жүйенің тіркелген қатысушыларына ғана қолжетімді, сондықтан бета-нұсқада жұмыс істеу үшін ЭШФ АЖ веб-порталында тіркеуден өту қажет https://esf.gov.kz:8443/. ЭШФ АЖ-де тіркелу үшін мына инстукцияны пайдалануыңызды сұраймыз (тіркеу жөніндегі нұсқаулыққа сілтеме https://kgd.gov.kz/ru/content/informacionnye-materialy-po-sisteme-1)

       «Егер Сіз ЭШФ АЖ қатысушы ретінде тіркелген болсаңыз, құрылғыны дербес компьютерге қосу арқылы смартфонға ЭЦҚ файлдарын жүктеу немесе электрондық поштадан смартфондағы ЭЦҚ файлдарын сақтау қажет», -делінген хабарламада.

       «ЭШФ» АЖ мобилді қосымшасы жүйенің келесі функцияларын пайдалануға мүмкіндік береді:

  • Қосымшада ЭЦҚ арқылы авторизацияны жүзеге асыру, сондай-ақ ЖСН және пароль, 4 таңбалы қолжетімділік коды, саусақ ізі және Face ID бойынша жылдам кірудің баламалы мүмкіндігін пайдалану.
  • Смартфонның экранына риѕһ-хабарламалар алу және қосымшадағы ескертулерді қарау, бұл сіздің контрагенттеріңіздің немесе Сіздің компанияңыздың қызметкерлерінің бастамасы бойынша ЭШФ, ТІЖ, ОЖА және ЭҚ бойынша болған шығару, өзгерту, кері қайтарып алу, қабылдамау және басқа оқиғалар бойынша маңызды оқиғаларды жіберіп алмауға мүмкіндік береді. 
  • Компания басшысына жаңа қызметкерлерді шақыруға, ЭШФ АЖ-да жұмыс істеу үшін қызметкерлерге өкілеттіктерді тағайындауға және редакциялауға, қажет болған жағдайда қызметкерлерді оқшаулауға. Компания қызметкері ЭШФ АЖ-да жұмыс істеу үшін басшыдан шақыруды қабылдайды.
  • ЭШФ-мен жұмыс істеу, атап айтқанда: контрагентке негізгі, түзетілген, қосымша ЭШФ құру және жіберу (оның ішінде ТІЖ, ОЖА, ЭМС АВР негізінде ЭШФ құру), ЭШФ кері қайтарып алу, алынған түзетілген және қосымша ЭШФ қабылдамау, алушының ЭШФ кері қайтарып алуын қабылдамау, ЭШФ қарау, баспа нысанын жүктеу, жобалармен жұмыс істеу.
  • ТІЖ-мен жұмыс істеу, атап айтқанда: контрагентке бастапқы, түзетілген ТІЖ, ТІЖ-ты қайтару, ТІЖ-ты қайтарып алу, қабылдамау және растау, ТІЖ-ты қарау, баспа нысанын жүктеу, жобалармен жұмыс істеу үшін жіберу.
  • ОЖА-мен жұмыс істеу, атап айтқанда: ОЖА құру және контрагентке жіберу, ОЖА-ді қайтарып алу, растау және қабылдамау, ОЖА-ді бұзу, ОЖА-ді қарау, баспа нысанын жүктеу, жобалармен жұмыс істеу.
  • ЭҚ-пен жұмыс істеу, атап айтқанда: шартты растау, шартты контрагентке жіберу, шартты қайтарып алу, шартты бекіту және қабылдамау, шартты бұзу, шартты қарау және баспа нысанын жүктеу.
  • ЭШФ АЖ веб-порталында жарияланған жаңалықтарға жылдам қол жеткізу.
  • Профильді өңдеу (жеке деректерді, email мен парольді өзгерту).

«Сіз өз пікірлеріңізді «Қолдау қызметі» қосымшасының мәзірі арқылы жібере аласыз. Сіздің кері байланысыңыз бізге ЭШФ АЖ қосымшасын жақсарта түсуге көмектеседі»,- деп атап өтті МКК.

ЭШФ АЖ мобилді қосымшасының функцияларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://youtu.be/FLrUJwqa-N0