Date of publication: 19.02.2021 09:38
Date of changing: 19.02.2021 09:38

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

МКК тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын растау үшін чат-ботты іске қосты

 

Нұр-Cұлтан қаласы                                                                         2021 жыл  20 ақпан 

 

Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 18 ақпанда ЕАЭО елдерінен, мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде расталмаған импорт бойынша тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) растау процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін, Telegram мессенджерінде чат-бот іске қосылғанын хабарлайды.

 

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды растау үшін мәліметтер жіберілген кезде, чат-бот тауарларды әкелу жүзеге асырылған өткізу пунктінің қызметкерлеріне деректерді автоматты түрде қайта жібереді.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері растаған сәтте, чат-ботқа растау туралы хабарлама келеді.

«Telegram мессенджеріндегі чат-ботқа қосылу үшін
@snt-approval_bot хэштегін теріп, жұмысты бастау және чат-боттың сұрауларын орындау қажет», - деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитетінде.

 Барлық сұрақтар бойынша МКК-нің байланыс телефонына
+7 701 707 1411 whatsapp мессенджері арқылы хабарлама жіберуге болады.