Date of publication: 02.04.2021 16:18
Date of changing: 02.04.2021 16:20

Тауарлардың бөлшек саудасымен айналысатын салық төлеушілер үшін (оның ішінде «үй жанындағы дүкендер») тауарларға ілеспе жүкқұжат бойынша заңнамада мынадай ерекше ережелер белгіленген.

Мұндай салық төлеушілер ешқандай Виртуалдық қоймалар жасамауы керек.

Олар тек сатып алынған алкоголь өнімдеріне немесе темекіге арналған ТІЖ растайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.

Мұндай рәсімді Play MARKET-те қолжетімді ЭШФ АЖ тегін мобильді қосымшасыныңкөмегімен жүзеге асыруға болады.

Қалай тіркелуге болатыны және жеткізушіденалынған ТІЖ қалай растау керек екені туралыбейнесабақтар ҚР ҚМ МКК сайтында («ЭШФ АЖ» бөлімі, «Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар» кішібөлімі, «Бейнесабақтар» қосымша бетіжәне «ҚР ТІЖ енгізу» YouTube арнасында орналастырылған.

Қалған тауарлар бойынша алынған өнімдірастау талап етілмейді.

Тауарларды өткізу бойынша онлайн-БКМ чектерін басып беру қажетМұндай өткізулер үшінТІЖ ресімдеу талап етілмейді.

«Мұндай салық төлеушілердің Виртуалдыққоймасында онлайн-БКМ чектері бойыншаөткізілген тауарларды есептен шығармаузаңнаманы бұзу болып табылмайды», - деді Ж.Іңкәрбаев.