Date of publication: 31.03.2015 15:13
Date of changing: 08.04.2015 10:09

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

31.03.2015 жыл

2015 жылғы 31 наурыздан 2 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің базасында  ҚР ҚМ МКК  Оқу-әдістемелік орталығы «ЕАЭО туралы шартқа қол қойылуына байланысты салық заңнамасына енгізілген өзгерістер» тақырыбындағы семинарды өткізуде

Семинардың тақырыбы салық заңнамасы бойынша қаралатын мәселелердің өзектілігіне негізделген.

         Семинардың жұмысына мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері, Еуразиялық экономикалық комиссиясының, Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті және Қазақ гуманитарлық-заң университетінің өкілдері қатысады.

Осы бағытта Еуразиялық экономикалық комиссиясының өткізіп жатқан  жұмысы жарықтандырылған.

Семинар шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен танысу өтеді.

Шарт Қазақстан Республикасында ратификацияланғанын және оның нормалары ҚР-ның ішкі заңнамасына  басымдылық ететітін ескере отырып, ҚР салық заңнамасына, Салық кодексінің 276-2-бабынан ҚР мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын көлік құралдарын импорттайтын жеке тұлғаларды ҚҚС-ты төлеуші ретінде айқындайтын нормаларды алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап   күшіне енген, ЕАЭО туралы шартқа қол қойылуына байланысты салық заңнамасына енгізілген негізгі  өзгерістермен танысатын болады.

Семинардың ұйымдастырушылары, семинар барысында алынған білім, салық заңнамасы саласындағы қызметті жетілдіру бойынша сындарлы шешім қабылдауға ықпал ететініне сенім білдіреді.     

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі