Date of publication: 22.07.2016 18:45
Date of changing: 22.07.2016 18:46

КОНКУРС

Салық әкімшілендіруді реформалау жобасының шегінде жоба басқару тобының сатып алу бойынша консультант позициясына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті конкурс жариялайды. 2016 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін контракт жасалынатын болады.

Қажетті  біліктілік талаптары:

(i) Іскерлік әкімшілендіру, юриспруденция, қаржы саласында  жоғары білім, инженерлік немесе эквивалентті дәреже;

(ii) Халықаралық/ұлттық/ коммерциялық сатып алуда практикалық тәжірибе 2 жылдан кем емес;

(iii) Дүниежүзілік банкі немесе басқа халықаралық даму ұйымдарының сатып алу рәсімдері және ережелері бойынша негізгі білім;

(iv) АТ сатып алуында (Бағалау рәсімін есепке ала) кем дегенде үш халықаралық конкурстық саудаларын өткізу тәжірибесі;

(v) Адалдық және сатып алудың барлық аспектілерінде есептілік;
(vi) ПК-ның тәжірибелі пайдаланушысы;

(vii) Ағылшын және орыс тілдерін жақсы білу;

Қызығушылық танытқан кандидаттар taxreformkz@gmail.com. электрондық мекенжайына өз резюмелерін жібере алады. Резюме жинақтау 2016 жылғы 31 шілдеге дейін. Толық ақпарат ҚР ҚМ МКК  сайтының https://kgd.gov.kz/ru/content/zakupki-po-prna-na-2016g-1  мекен-жайы бойынша.