Date of publication: 28.07.2016 14:43
Date of changing: 28.07.2016 14:45

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

2016 жылғы 28-29 шілде аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің базасында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы  Швейцарияның Федералдық кеден әкімшілігімен бірлесіп «Уақытша әкелу туралы Ыстанбұл конвенциясын қолдану бойынша халықаралық тәжирибені зерделеу» тақырыбында халықаралық семинар өтуде.

Кедендік декларацияны ауыстыратын және көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуге байланысты тауарлардың уақытша әкелуін және әкетуін  оңайлату және жедел ресімдеуін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ шекара арқылы тауар үлгілерін, кәсіби жабдықтар мен тауарлардың кейбір басқа санаттарын өткізу үшін Карнет – АТА – халықаралық кедендік құжатын қолдану бөлігінде бірқатар елдің тәжірибесін зерделеу семинарды өткізудің мақсаты болып табылады.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің қарсаңында, шекара арқылы тауар үлгілерін, кәсіби жабдықтар мен тауарлардың кейбір басқа санаттарын өткізу, тауарлардың уақытша әкелуін жеделдетіп ресімдеу мәселесінің өзектілігі өсуде. Семинарға қатысушылар тауарлар мен қызмет көрсету нарығында, оның даму үрдісіне оңайлатылған қолжеткізу механизмдерін құру тарихымен танысады.

Негізгі дәріскерлер Швейцария Кеден әкімшілігінің сарапшылары:  басқарма басшысы Томас Фишер және кеден ісінің мұғалімі/нұсқаушысы  Майкл Flury болып табылады. Семинардың жұмысына BTG Логистика, ELKaz, Expologistik Қазақстан, Nussli ЖШС халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Кеден одағының шеңберінде Карнет – АТА қолдану, Қазақстанның Конвенцияға қосылу және республика аумағында Карнет – АТА рәсімін пайдалану мүмкіндігі мәселелері «ЭКСПО-2017» көрмесінің логистикасы бойынша ресми оператор болып шығатын "DHL Trade Fairs & Events GmbH" неміс компаниясының баяндамаларында көрсетілетін болады: DHL Kazakhstan директорының басқарушысы В.В.Хан, бизнесті дамыту директоры - Ачим Раусер, менеджер - С.Филиппова. Халықаралық бизнес-әріптестерінің шолуын Nussli LTD компаниясының көрмелік жобалары бойынша директоры - Роланд Александр Гебхард, BTG Expo бизнесін дамыту бойынша менеджер - Роланд Волл өткізеді. Семинар қатысушыларының алдында Қазақстан Республикасының Сыртқы сауда палатасының менеджері Н.Н. Сукуров сөз сөйлейді.

Сарапшылардың пікірі бойынша алған білімдер сыртқы экономикалық байланыстарды белсенді дамытуға және әлемдік экономикалық процестердің жаһандануына  ықпал ететін болады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі