Date of publication: 25.01.2022 13:48
Date of changing: 25.01.2022 13:50

Салық кодексінің 434-бабының 2-тармағына өзгерістер енгізу (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

Экспорттаушыларды Қазақстан Республикасының аумағында валюталық түсімді өткізуге ынталандыру мақсатында салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілеріне ҚҚС асып кеткен сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде оңайлатылған қайтаруды көздейтін толықтыру енгізілді.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша көрсетілген норманы іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеуде, онда салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі айқындалатын болады.

Сондай-ақ Министрлік Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісім бойынша валюталық түсімді айырбастау туралы салық органдарына қорытынды беру тәртібі мен нысанын бекіту туралы бұйрық әзірлеуде.