Date of publication: 26.01.2022 15:08
Date of changing: 26.01.2022 19:38

2022 жылғы 24 қаңтарда Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаментімен бірлесіп, Жеңіс даңғылы, 11, МКК ғимараты мекенжайы бойынша Polycom БКБ арқылы «20.12.2021 жылғы ҚР Заңымен көзделген салық заңнамасындағы өзгерістер» тақырыбында қашықтықтан вебинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – вебинар тыңдаушыларын салық заңнамасындағы өзгерістермен таныстыру.

Тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

 Дәріскер ретінде – ҚР ҚМ МКК  Әдіснама департаментінің директоры – Алия Муратхановна Джетибаева қатысты.

Вебинар барысында ЕТЖ есептік көрсеткіш ретінде пайдалануды болдырмау, мобильді төлемдерді фискализациялау, шетелдік интернет-компанияларға салық салу, ҚҚС асып кетуін қайтару ерекшеліктері, Семей ядролық қауіпсіздік аймағына салық салу ерекшеліктері, тауарлар айналымының қадағалануы, ҚҚС төлеушілердің қызметін тоқтатудың оңайлатылған тәртібі, несиелік серіктестіктерге салық салу ерекшеліктері, акциздерді әкімшілендіру, шағын жүк көлік құралдары (шағын көлемді фургондар) бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу, есептелген салықтардың (салық берешектерінің) сомасы туралы хабарламаларды мобильді қосымшалар арқылы жіберу, шетелдік АКҚ жол жүргені үшін алым ставкасын ұлғайту, мобильді қосымшаны пайдалана отырып, АСР қолданатын тұлғаларды босату, салықтарды төлеу бойынша бөліп төлеуді ұсыну шарттары, АСР және БЖТ қолдану шарттары, салық төлеушінің паспорты, 2022 жылдан бастап 2020 жылғы 10 желтоқсанда Заңмен қабылданған өзгерістер,  2022 жылдан бастап 2021 жылғы 24 маусымда Заңмен қабылданған өзгерістер мәселелері талқыланды.